Димаш Құдайберген халықаралық байқауға қатысады

0

«Әлемнің үздігі» атты америкалық дарындылар байқауы 2019 жылдың ақпан айында эфирге шығады

Қазақстандық актриса әрі продюсер Гаухар Нұртас Қазақстан атынан The World’s Best — «Әлемнің үздігі» атты америкалық дарындылар шоуының қазылар алқасында болады.

Қазіргі таңда әлемдік деңгейде танылған үздік қазақ әншілері – Димаш Құдайберген мен Данэлия Төлешова конкурста бақ сынайды.

Майра Ілиясова: Ринаттың Димашта жұмысы болмасын

«The World’s Best конкурсында біз, қазылар алқасы, жеңімпазды анықтаймыз! Мен Қазақстан атынан қазылар алқасында боламын. Еліміздің намысын Димаш Құдайберген мен Данэлия Төлешова қорғайды», — деп хабарлады Нұртас.

Шоу CBS арнасында 3 ақпаннан бастап көрсетіле бастайды. Оған әлемнің түкпір-түкпірінен дарынды жандар қатыспақ – әншілер, бишілер, цирк әртістері және сиқыршылар.

Димаш Құдайберген өз кемшіліктері туралы айтты — видео

Әділқазылар – актриса Дрю Бэрримор, тележүргізуші Ру Пол Андре Чарльз және әнші Фейт Хилл. Қатысушылар әділқазыларды ғана емес, әр сала қызметкерлерінен құралған 50 сарапшыны да таңғалдыруы тиіс.


Дереккөз: https://sputniknews.kz/