Димаш Құдайберген «Дәуірдің үздік әншісі» рейтингісінде нешінші орын алды

0
Мәдениет

Қысқа сілтеме алу

20 0 0

Дауыс беру нәтижесінде рейтингтің көшбасшылары – Фредди Меркьюри, Майкл Джексон және Уитни Хьюстон

АСТАНА, 17 қаңтар — Sputnik. «Дәуірдің үздік әншісі» үшін онлайн дауыс беру аяқталды. Қазақстандық Димаш Құдайберген 369-шы орында.

Ranker порталы бүкіл әлем бойынша қолданушылар арасында сауалнама жүргізген еді. Парақша жаңартылған сайын рейтинг те өзгеріп отырды. Бастапқыда фанаттардың дауысы арқасында Димаш 80-ші орыннан 35-ші орынға шығып, кейін тіпті алтыншы орынға табан тіреген болатын.

Алайда ақтық нәтижелер жаға ұстататарлық болды. Табынушылар үздік ондықта тұрған Димаштың жүздеген сатыға құлдырап кеткеніне аң-таң. Қазақстандық әншіні жақтағандар саны – 15 900, ал қарсы болғандар — 113 046. Негізінде әртістің қоржынында 38 743 дауыс болған еді.

«Бір күн ішінде 369-шы орынға түсетіндей сонша дизлайк болуы мүмкін емес. Біртүрлі дауыс беру екен», — деп күдік білдірді қолданушылардың бірі.

«Америкалық «сауалнаманы» ұйымдастырғандар мұндай нәтижені күтпесе керек. Ақыры соңында Димашты тізімге қосқандарына өкінген ғой. Меніңше, мұндай сауалнаманың қажеті жоқ. Одан келер не пайда? Марапат, атақ, танымалдық па? Қайдам. Хейтерлердің санын көбейткеннен басқа ештеңе түспейді», — деп пікірін білдірді тағы бір қолданушы.

Сайтты пайдаланушылардың тізімге кез келген әртісті енгізуге құқығы болды.

Дауыс беру қорытындысы бойынша рейтинг көшбасшылары — Queen тобының вокалисі Фредди Меркьюри, «поп-музыка королі» Майкл Джексон және әйгілі жұлдыз Уитни Хьюстон.


Дереккөз: https://sputniknews.kz/