Димаш Құдайберген Азиядағы ең сымбатты ер адам атанды

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Азиядағы ең сымбатты ер адам атанды, — деп хабарлайды kznews.kz тілшісі.
King Choice веб-сайтында өткен онлайн дауыс беру нәтижесінде Димаш Құдайберген 9 304 871 дауыс жинаған. Екінші орында 8 197 975 дауыс жинаған оңтүстіккореялық BTS тобының әншісі Ким Сокджин. Үшінші орынға тағы бір оңтүстіккореялық әнші Чха Ын У (1 918 514 дауыс) ие болды.
Димаш Құдайберген — рейтингтегі жалғыз қазақстандық. Сонымен қатар, тізімде Корея, Қытай, Тайвань, Гонконг, Таиланд, Жапония, Филиппиннің әншілері мен актерлері бар.