Димаш Құдайберген «Әлем аруына» қатысатын қазақ қызына қолдау көрсетті (фото) — новости Казахстана

Димаш Құдайберген «Әлем аруы — 2018» байқауының сұлуларымен суретке түсіп, жобаға қатысатын қазақстандық бойжеткенге қолдау білдірді деп жазады NUR.KZ.
Әнші өзінің сұлулармен түскен суретін өзінің Instagram парақшасында жариялады.
«Дайындықтамыз. Біздің сұлуға сәттілік тілеймін. Алға, Қазақстан», — деп жазды Димаш Құдайберген.
Айта кетейік, 8 желтоқсан күні 8 желтоқсан күні Хайнань аралында өтетін «Әлем аруы-2018» байқауына Қазақстанның атынан қарағандылық Екатерина Дворецкая қатысады.
Сондай-ақ бұл байқауда Димаш Құдайберген ән шырқайды.
Естеріңізге сала кетейік, Димаш Құдайбергеннің әндерін біздің MusicNur қосымшасынан тыңдай аласыздар.