Димаш Құдайберген «Әлем аруы» байқауында қазақша ән шырқады
2018 жылғы 8 желтоқсан 20:35 2015
АСТАНА. ҚазАқпарат — Димаш Құдайберген «Әлем аруы-2018» байқауында қазақша ән шырқады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бүгін Қытайдың Санья қаласында «Әлем аруы-2018» байқауының финалы өтті. Онда қазақстандық әнші Димаш Құдайберген қазақ тіліндегі «Ұмытылмас күн» атты әнін шырқады.
Естеріңізде болса, біз бұдан бұрын Димаш Құдайбергеннің биылғы «Әлем аруы» байқауында өнер көрсететінін жазған болатынбыз. Ал Қазақстан атынан аталмыш байқауда бақ сынаған Екатерина Дворецкая үздік отыздыққа ене алмады.
Айта кету керек, «Ұмытылмас күн» әнінің музыкасын жазған — Димаштың өзі.
Видеоны Kristina K атты қолданушы жариялаған.