Димаш Құдайберген «Әлем аруы – 2018» байқауында ән шырқайды

0
24 Қараша 2018, 15:35 220 0

Фото: 24kz

Астана, BAQ.KZ. Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген 8 желтоқсан күні «Әлем аруы – 2018» байқауында ән шырқайды. Бұл туралы ол өзінің «Инстаграм» парақшасында мәлімдеді.

Димаш Құдайберген кезекті жаңалығымен бөлісті.

«Тамаша жаңалығыммен бөліскім келеді! 8 желтоқсанда «Әлем аруы» байқауында қатысушыларды қолдап ән арнаймын. Көріскенше», — деп хабарлады ол.

Instagram желісіндегі «Қазақстан аруы» парақшасы да Димаш Құдайбергеннің «Әлем аруы» байқауының финалында ән шырқайтынын қуана мәлімдеді.

«Биыл қазақстандық қатысушыны қолдау үшін Димаш Құдайберген Санья қаласына барады. Ол «Әлем аруының» финалында «Ұмытылмас күн» атты әнін шырқайды. Димаштың кестесі бірнеше жыл ерте жасалып қойған. Десе де осындай тығыз кестеге қарамастан, ол «Әлем аруы – 2018» байқауында отандасымызды қолдауға келісімін берді», — деп жазды «Қазақстан аруы» парақшасы.

Биыл бұл байқауда Қазақстан намысын бірінші вице-мисс Екатерина Дворецкая қорғайды. Әлемнің ең сұлу аруы 8 қараша күні Қытайдың Санья қаласында тікелей трансляция кезінде анықталады. Бұл трансляцияны әлемнің 200 елінен миллиардтаған көрермен тамашалайтын болады.


















Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:


Дереккөз: BAQ.KZ