Димаш Құдайберген 8-наурызда барша әйел затына сыйлық ретінде жаңа бейнебаянын ұсынды — Қазақстан жаңалықтары

0

[ad_1]

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген «Аққуым» атты әніне түсірілген жаңа бейнебаянын ұсынды, деп жазады Stan.kz

Димаш 8-наурызда барша әйел затына сыйлық ретінде жаңа бейнебаянын ұсынды

Бейнежазба әншінің YouTube арнасында жарияланды және бірнеше сағаттың ішінде 40 мыңнан астам көрсетілім жинады.

«Көктемнің осы бір ең әдемі күні асыл әжелерге, ардақты аналарға, ақжарқын әпкелерге, аяулы аруларға ізгі тілектерімді жолдаймын. Сіздер барда әлем көрікті, адамзат атаулы асқақ, бүлдіршіндер бақытты. Көңілдеріңіз көрікті, жүздеріңіз сұлу, жүректеріңіз нұрға, өмірлеріңіз әдемі жырға толсын!»,- деп құттықтады Димаш 8-наурыз мерекесімен. 

Тума талант иесі барша әйел затын атаулы мерекелерімен құттықтай келе, сыйлық ретінде лирикалық сезімге толған әсерлі «Аққуым» әніне түсірілген бейнебаянды ұсынатынын хабарлады.

«Осынау атаулы мерекеде сіздерге сыйлық ретінде лирикалық сезімге толы «Аққуым» әнінің бейнебаянын ұсынамын!»,- деп жазды әнші инстаграм парақшасында.

Айта кетсек, Димаш The World’s Best шоуының финал алдында таңғаларлық нәтижесін көрсетіп, жанкүйерлерін қуантқан болатын.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

stan.kz