Димаш пен Данэлия The World’s Вest байқауының үшінші кезеңіне өтті

0

Қазақстандық әншілер — Димаш Құдайберген мен Данэлия Тулешова америкалық CBS телеарнасындағы The World’s Best (Әлем үздігі) таланттар шоуының екінші кезеңінде қарсыластарын жеңіп, үшінші кезеңге жолдама алды.

Димаш бұл турда америкалық музыкант Эрик Карменнің «All by Myself» әнін шырқап, 100-ден 94 ұпай жинаған. Актер, әділқазылар алқасының мүшесі Ру Пол Димашқа бірінші айналымдағыдай максималды 50 балл қойған.

Димашқа итальялық әнші, «Кристина әпкей» лақабымен өнер көрсететін дін қызметкері Кристина Скуччиа қарсылас болды. Ол 39 ұпай алған.

«Stone Cоld» әнін айтқан Данэлия Тулешова жапон спкрипкашысы Манами Итоны 71-60 есебімен озған.

Данэлия Тулешова — 2018 жылы Украина телеарналарының біріндегі «Голос Дети» шоуының жеңімпазы және Junior Eurovision конкурсының қатысушысы.

Димаш Құдайберген 2017 жылы Қытайдың Huhan TV арнасындағы I am a Singer ән байқауына қатысып, 2-орын алған. Осы конкурстан кейін әнші әлемге танылып, Лондон, Мәскеу қалаларында үлкен сахнада ән салған.



Азаттық