Димаш пен Данэлия АҚШ-та дарындылар шоуына қатысты: видео жарияланды — Әуен

0

Қазақстандық әншілер Димаш Құдайберген мен Данэлия Төлешова америкалық CBS арнасындағы The World’s Best («Әлем үздіктері») дарындылар шоуына қатысты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Желіде жаңа бағдарламаның проморолигі пайда болды. Бірінші шығарылым 2019 жылдың 3 ақпанына жоспарланған. Бағдарламаға әлемнің әр бұрышынан дарынды өнерпаздар шақырылған — әншілер, бишілер, цирк әртістері, гимнасттар, сиқыршылар. 

The World’s Best — дарынды адамдар туралы телебағдарлама, ол CBS арнасынан көрсетіледі. Әділ қазылар қатарында — танымал актриса Дрю Бэрримор, ұлыбританиялық комик Джеймс Горден және актер РуПол Андре Чарльз бар. Соңғы шешімді ең басты үш төреші мен әлем елдерінен 50 сарапшы қабылдаған.


Дереккөз: https://kaz.tengrinews.kz