Димаш Олимпийскийді аузына қаратты (видео)

0

Ресейдегі «Жыл әні — 2018-ге» қатысқан таланттымыз Димаш Олимпийскийді аузына қаратты. Игорь Крутойдың пианинодағы сүйемелдеуімен «Шаршаған аққулар махаббаты» әнін орындап шыққан ол халықтың ерекше ықыласына бөленді. Жүздеген гүл шоқтарына қарап абдырап қалған жүргізушілер Димашты «жыл жаңалығы» деп қайта-қайта айтумен болды. 2019 жылдың басында «Шаршаған аққулар махаббаты» әнінің бейнебаяны жарыққа шықпақ. Осы бір жаңалықты жанкүйерлер асыға күтіп жүргені анық. «Димаш пен Игорь Крутойдың тандемі керемет үйлесіп тапқан» деп жазылған пікірлерді оқи отырып, келіспеске болмас.

«Қамшы» сілтейді