Димаш Лондондағы концертінде ән шырқаған ақтөбелік оқушыға сәттілік тіледі

0

Ол Лондон сахнасында «Елімнің жүрегі — Астана» әнін орындады.

Димаш Құдайберген Лондондағы жеке концертінде ән шырқаған ақтөбелік оқушыға сәттілік тіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұған дейін әнші Димаш Құдайбергеннің арнайы жүлдесіне ие болып, Лондондағы концертіне жолдама алған ақтөбелік оқушы Нарғыз Жанұзақова туралы жазған болатынбыз. Ол Indigo at the O2 концерт залында өнер көрсетіп, ұмытылмас сый жасаған Димаш Құдайбергенге алғысын жеткізді.

«Димаш ағамен бір сахнада әрі Indigo at the O2 концерт залында өнер көрсеттім. Мен бақыттымын. Дәл осындай бақ бұйырғаны үшін Аллаға сансыз мадақ. Кейін маған сеніп, мені қолдаған анам мен апама, Қанат, Света Айтбаевтарға алғыс айматын. Маған сеніп, қолдаған баршаға алғысым шексіз. Армандар орындалады, сену керек», — деп жазды жас талант Нарғыз Жанұзақова.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Аллелуя! Свершилось! Я очень счастлива, что выступила с Димаш аға на одной сцене @kudaibergenov.dimash ???????????? да еще на сцене концертного зала Indigo at the 02 в Лондоне????????????. Во первых Благодарю бога????, что мне выпала такая честь, благодарю свою МАМУ @vip.sara_t ???????????? которая верила в меня, всегда поддерживала и поддерживает и живёт ради нас с сестрой, благодарю Димаш аға, Света апа, Қанат аға @sveta_aitbaeva73, @kanat_sveta_aitbayevtar . Благодарю всех тех, кто верил в меня и поддерживал, болел за меня ❤❤❤Верьте в мечту ! Мечты сбываются! ????????????

Публикация от Жанузакова Наргиз (@nargiz_zhanuzakova) 20 Ноя 2018 в 4:44 PST

Ол Лондон сахнасында «Елімнің жүрегі — Астана» әнін орындады.

Жас әншінің лебізіне Димаш Құдайберген де өз пікірін қалдырған.

«Жарайсың, балапан! Өте керемет орындап шықтың! Болашақта «менің концертіме әлемдегі №1 әнші Нарғыз қатысқан еді кезінде» деп мақтанып отырармыз», — деді Димаш Құдайберген.

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!