Димаш Лара Фабианмен дуэт айтады

0
43

Димаш әлемге әйгілі әншімен бірге дуэт орындайтынын мәлімдеді

НҰР-СҰЛТАН, 18 шілде – Sputnik. Димаш Құдайберген тыңдармандарына Лара Фабианмен бірге дуэт айтатынын хабарлады. Әнші бұл туралы Instagram желісіндегі жеке парақшасында жазған.

«Жуырда назарларыңызға World music awards жүлдесінің иегері Лара Фабианмен бірге жаңа дуэт ұсынамыз», – деп Димаш әйгілі әншінің суретін жүктеді.

Бұған дейін қазақ әншісі әлемдік деңгейдегі әншімен дуэт айтуды жоспарлап отырғанын жазған болатын. Сол кезде Димаштың көптеген жанкүйері әңгіме Андреа Бочелли немесе Лара Фабиан жайлы болып отыр деп болжады.

Тағы оқыңыз: Қазақстандық әнші Димаш жайлы: айқайлағанда, өшіріп тастаймын

Айта кетсек, «I am singer» байқауының алтыншы кезеңінде Лара Фабианның орындауындағы «Адажио» әнін шырқап, бірінші орын алған Димаш Құдайбергенді әлемге белгілі әнші жеке парақшасында құттықтаған еді. Кейінірек Лара Фабиан Димаштың туған күнінде де видеоқұттықтау жолдады.



sputniknews.kz