Димаш Кремльдегі ән кеші алдында тыңдармандарына үндеу жасады

0

Танымал әнші миллиондаған табынушыларынан «Аққуым» әнін жаттап алуды сұрайды

АСТАНА, 10 наурыз — Sputnik. Әлемге әйгілі қазақ әншісі Димаш Құдайберген тыңдармандарын Мәскеудегі концертінде бірге ән шырқауға шақырып, үндеу жасады.

Жұма күні 8 наурызда жас орындаушының «Аққуым» әніне бейнебаяны YouTube желісінде жарияланған болатын. Музыкалық видеоны бір тәулік ішінде 250 мыңнан астам адам көріп, 20 мың лайк қойды.

Көптеген желі қолданушысы Димаштың жаңа әні мен орындау шеберлігіне тәнті болып, жылы лебіздерін білдіріп жатыр.

«Иә, Димаш, бұл өте әдемі ән, бірге шырқаймыз», — деп жазды abisheva1956.

«Димаш, сен айтқан әннің бәрі маған ұнайды. Сезімімді тілмен жеткізе алмаймын», — дейді Instagram қолданушысы bagdat_igam.

«Ән сондай нәзік, гүл сияқты. Әуезді, сылдырап аққан бұлақтай. Димаштың өзі сияқты әдемі ән», — деп атап өтті bahitgul.

22-23 наурызда қазақстандық әншінің Мәскеудегі Кремль сарайында жеке ән кеші өтеді. Шығармашылық кештің ұйымдастырушысы — ресейлік композитор Игорь Крутой мен «ДимашАли» орталығы.



sputniknews.kz