Димаш Игорь Крутойдың туған күнінде ата-анасымен түскен суретін көрсетті

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

2 0 0

Түркияда өткен мерейтой қонақтары отшашу тамашалап, Димаш Құдайбергеннің әндерін тыңдады

НҰР-СҰЛТАН, 30 шілде — Sputnik. Әлемге әйгілі қазақ әншісі Димаш Құдайберген ата-анасымен бірге Игорь Крутойдың мерейтойына қатысты.

Танымал композитор 29 шілдеде 65 жасқа толды. Ол туған күнін Түркияда атап өткен.

«Түркияда мықты композитор, жылдар бойы өшпес аңызға айналған әндерді шығарушы данышпан әрі өте қарапайым жанның туған күнін тойлап жатырмыз. Халықтың ең сүйікті әндерінің авторы 65 жасқа толды. Туған күніңізбен, маэстро», – деп Димаш Игорь Крутойды Instagram парақшасында құттықтады.

Суреттерге қарағанда, мерейтойға жиналған қауым түгел аппақ киім киіп келіпті. Димаш және ата-анасы Қанат пен Светлана Айтбаевтар да қатардан қалмады.

Димаштың анасы туған күнге қазақтың ою-өрнегімен безендірілген әдемі ақ көйлек киіп, көздің жауын алатын күміс әшекей таққан.

Тағы оқыңыз: Игорь Крутойдың туған күніне Иманғали Тасмағамбетов барды – видео



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз