Димаш халықаралық кинофестивальде «Титаниктегі» әнді орындады – видео

0
Мәдениет

Қысқа сілтеме алу

8 0 0

Қазақстандық әнші Селин Дионның «My heart will go on» әнін шырқады

АСТАНА, 12 желтоқсан — Sputnik. Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Қытайдың Хайнань аралындағы халықаралық кинофестивальде өнер көрсетті.  

Әнші әйгілі «Титаник» фильмінің саундтрегін орындады, оның видеосын Димаш әлеуметтік желілердегі парақшасына жүктеді. 

Сондай-ақ ол өзінің кинофестивальдің қызыл кліемімен жүріп өткен сәтінен фото жариялады.

Әншінің шығармашылығын бақылап отырған жанкүйерлер Димаштың кинофестивальдегі видеосын бөлісіп жатыр.  

Қазақстандық орындаушы Қытайдың «Singer» шоуына қатысқаннан кейін кеңінен танымалдылыққа ие болды.

Қарашаның соңында Димаштың Лондондағы жеке концерті табысты өтті.


©
Foto : AFP 2018 / GREG BAKER

Димаш Құдайберген «Әлем аруы— 2018» байқауының қатысушыларымен бірге

Сондай-ақ 8 желтоқсанда әнші Қытайдың Санья қаласында «Әлем аруы— 2018» байқауының финалында өнер көрсетті. 


©
Foto : Мәдениет және СПОРТ министрлігі / НИКИТА БАСОВ

Димаштың Лондондағы концерті

 


Дереккөз: https://sputniknews.kz/