Димаш: «Халық шаршады, халқыммен біргемін!»

0
2079

«Ардақты ағайын!

Жырақта іссапарда жүріп, елдегі болып жатқан жағдайды естіп, көңілім алаңдаулы. Туған жерім, елім мен үшін әрқашан қымбат — халқыммен біргемін.  Бәріміз үшін ең бастысы — халықтың бірлігі, амандығы, елдің әр азаматының әлеуметтік жағдайының дұрыстығы. Наразылығын білдіруге келген үлкен де кіші де отбасының қамы үшін жүр. Бүгінде күнкөріс күн сайын қымбаттап, халыққа оңайға соғып жатқан жоқ.ХАЛЫҚ ШАРШАДЫ!!!

Сол себепті, тұрмыс-тіршілік деңгейін көтеру мақсатында жүйелі әрі нақты шаралар қолданылуы керек. Тек бір мәселе, жыртығымызды жамаймыз деп жүріп, бірлігімізге нұқсан келтіріп алмайық, ағайын!

«Жігіттің жақсысы — дұрыс сөзге тоқтай білген, басқаны сөзіне тоқтата білген» —  биліктегі құзырлы азаматтар тез арада оңтайлы шешім қабылдап, қордаланған мәселелерді шешсін. Барынша сабырмен, жағдайға байыппен қарап, өзара ортақ шешім қабылдауға ұмтылайық! Билік тарапынан халыққа күш көрсетілмей, халық тарапынан ақылға жеңдіріп, әр қадамды, ертеңгі күнімізді ойлап бір мәмілеге келуге жазғай!Аман бол,елім!!!», — деп мәлімдеді әлеуметтік желідегі жазбасында.