Димаш фанаттарымен қалай қоштасқанын көрсетті – видео

0

Әлеуметтік желілерде әншінің тыңдармандарымен қоштасқан сәті туралы роликке жүз мың лайк басылды

НҰР-СҰЛТАН, 17 тамыз – Sputnik. Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген өзінің Instagram-дағы парақшасында фанаттарымен қоштасуы жайлы әсерлі видео жариялады.

Роликте әнші тыңдармандарымен көлікте отырып тілдеседі. Көлікті қоршап алған фанаттар оған: Bye-bye! See you tonight! See you tomorrow! (Сау бол! Кешке кездескенше! Ертең кездескенше!) деп айғайлайды.

Димаш жанкүйерлердің арасынан жылап жатқан қызды байқап, оған қарата: «Don»t cry! See you! «Жылама! Тағы көрісеміз» дейді.

Әншінің парақшасында видеодан шағын үзінді жарияланды, оған алты сағаттың ішінде 100 мыңнан астам лайк пен мыңға тарта пікір жазылды.

Айта кетейік, Димаш Құдайберген 24-29 тамыз аралығында Сочиде өтетін халықаралық «Жаңа толқын» жас орындаушылар байқауында өнер көрсетеді.



sputniknews.kz