Димаш Джеки Чанның фильмдері апталығында ән айтты

0

Актер Димаштың әнін беріліп тыңдап, қосыла шырқап, дауысының құдіреттілігіне таңғалып отырды

НҰР-СҰЛТАН, 22 шілде — Sputnik. Дүние жүзіне әйгілі әнші Димаш Құдайберген қытай актері Джеки Чанды тәнті етті.

Джеки Чанның фильмдері апталығының ашылуына дайындық кезінде актер Димаштың әнін беріліп тыңдап, қосыла шырқап, дауысының құдіреттілігіне таңғалып отырды. Ән аяқталған соң, орнынан тұрып, қошемет көрсетіп, әншіні құшақтап алды. Жантебірентерлік сәттің видеосы желіде жарияланған.

Айта кетсек, 21 шілдеде Димаш Құдайберген Қытайдың Датун қаласында Джеки Чанның экшн-фильмдері халықаралық апталығының ашылу салтанатына қатысты.

Фестивальдің ашылуында Димаш үш ән айтты: The Crown, Screaming және Unforgettable Day. Қазақ әншісі соңғы әнді Тайвань елінің танымал әртісі Терри Линмен бірге орындаған. Бұл туралы Eurasianfanclub фанклубы Facebook парақшасында жариялады.

Джеки Чан мен Димаш

Еске сала кетсек, Димаш Джеки Чанмен I am Singer жобасы кезінде танысқан болатын. Танымал қытай актеріне Димаш қазақ шапанын сыйға тартқан еді.

Тағы оқыңыз: Димаш Джеки Чанмен қалай танысқанын айтты

2017 жылы Джеки Чан Қазақстан астанасында қытай киносы апталығын ашты. Белгілі актер өз ұшағымен ұшып келіп, шараға қатысқаны үшін ешқандай сыйақы сұрамапты. Қала ішінде қарапайым минивэнмен қыдырған екен.



sputniknews.kz