Дильназ Ахмадиева алғаш рет ұлының диагнозы туралы айтты (видео)

0

Қазақстандық танымал әнші Дильназ Ахмадиева алғаш рет ұлының ауытқуы туралы бар шындықты айтты. Өнер иесінің сөзінше, перзентіне психо-сөйлеу дамуының кешігуі (ПСДК) диагнозы қойылған, деп жазады Kznews.kz тілшісі.

Дильназ Ахмадиева ұлында сөйлеу дамуының кешігуі анықталғанын айтып, жан сырын ақтарды. Әнші мұндай ауытқуы бар балалардың ата-анасына ПСДК-мен күресу қаншалықты қиын екенін жеткізді. «Сөйлеу кешігуі бар балалардың ата-аналары шынымен жаны ашып, сен үшін уайымдайды. Мұндай аналар барынша қолдау көрсетіп, көмектескісі келіп тұрады. Ал кейбір жандар «Балаң аутист па?» деп орынсыз сұрақ қойып жатады.

«Балабақшаға беріңдер, тез-ақ сөйлеп кетеді» деп те айтады. Бірақ бұл ақымақтық қой. Кім болса да мұндай сөздер айтуға құқысы жоқ деп ойлаймын. 10 жыл бойы бала көтере алмай, балалы болу үшін барынша тырысып жүргенде осындай жағдай болғаны, оны толықтай қабылдау қиын. Бірақ не болса да оны қабылдап, алға қарай ұмтылу керек. Себебі бұл ақырзаман емес. Кез келген диагноздың шешімі бар», — деді әнші Тимур Балымбетовке берген сұхбатында.