Дикий Арманның жұбайы өнер жұлдыздарына шүйлікті

0
34
Фото munaranews.kz сайтынан алынды

Қаңтар оқиғасынан кейін қамауға алынған Дикий Арманның жұбайы Айкөл Әлікжанова Orda.kz редакциясына сұхбат берді, деп хабарлайды kznews.kz сайты.

Сұхбат кезінде Айкөл күйеуіне қатысты біраз шындықтың бетін ашты. Оның айтуынша, кезінде қоян-қолтық араласқан өнер жұлдыздары қазір қоңырау шалуға да жарамай отыр.

Еске салсақ, Арман Жұмагелдиев Алматы қаласында қақтығыс ұйымдастырды деген күдікке ілініп қамауға алынған.

«Адамның кім екені басыңа іс түскенде білінеді екен. Құдай қалап бостандыққа шықса екен. Мен оған сенемін, үміттенемін. Соңына дейін күресемін. Еліміздегі қаншама танымал адамдар оны құрметтеді, сыйлайтындықтарын айтты. Ол көптеген жұлдыздарға қол ұшын берді, көмектесті. Ал қазір олар құмға сіңгендей жоқ болып кетті. Қоңырауға жауап бермейді. Арманды танымайтын адамдар секілді жүр. Бірақ болашақта барлығы жақсы болады. Сол кезде мен олардың көздеріне қарағым келеді» деді Айкөл Әлікжанова.