«Дикий Арманның» серіктесі, депутат Қайрат Құдайбергенді кім қорқытып жүр? (ВИДЕО)

0
Депутат, қоғам белсендісі Қайрат Құдайберген өзіне әлдекімдердің сес көрсеткенін айтты, деп хабарлайды kznews.kz сайты.

Айтуынша, ол осы петицияны дайындағаннан кейін, оған белгісіз біреулердің атына ашылған әлеуметтік парақшалардан қорқытулар түсе бастаған.

«Букмекерлік кеңселер мен онлайн-казиноларды, ғаламтордағы ойын алаңдарын жабу туралы петицияны жариялағаннан кейін, маған түрлі қорқытулар келе бастады. Оларды қойшы, мен үйреніп кеткенмін. Мен ештеңеден қорықпаймын», – дейді Қайрат Құдайберген.

Ол құмар ойындар алаңын жабу туралы петицияны 1 ақпанда жариялады.

«Олардың қызметі сіздің қазақстандықтардың еңбекқор болуы керек деген сөзіңізге қарсы келеді. Букмекерлік кеңселер шын мәнінде казино принципімен жұмыс істейді. Букмекерлік кеңселер казино сияқты тек белгіленген қалалаларда емес, Қазақстанның барлық қалаларында бар. Тез байығысы келетін жастар осы кеңселерді жағалайды», – делінген петицияда.

Тәуелсіз зерттеулерге сүйенсек, жыл сайын елімізде 350 мыңнан астам адам букмекерлік кеңселердегі ойын түрлеріне бәс тігеді. Бір ойыншының орташа қарызы — 10 млн теңге. Ал әрбір 10 отбасының 7-еуі — құмар ойындардың салдарынан ажырасқан.