Home›Жаңалықтар›«Дикий Арман»… Журналист өлімінің құпиясы қалай ашылды?
«Дикий Арман»… Журналист өлімінің құпиясы қалай ашылды?
9 Наурыз, 2022, 10:28
0
2007 жылы журналист Оралғайша Омаршанованың жоғалып кетуі қоғамда резонанс тудырған болатын. Бұл оқиға шетелдік БАҚ-та да жазылып, әр түрлі болжамдар айтылды, деп хабарлайды kznews.kz сайты nege.kz порталына сілтеме жасап.
Нақтырақ айтсақ, журналист шетелге қашып кетті немесе саяси тапсырыспен өлтірілуі мүмкін деген сияқты болжам жасалды. Еліміздің арнайы қызметі бірнеше жыл бойы бәрін тексеріп, тым болмаса денесі туралы кез келген ақпаратты іздеді. Арада 14 жыл өткенде журналисті өлтірген күдікті қылмысын мойындап, тағы бір оққа ұшқан адамның денесімен бірге оның денесі қай жерге көмілгенін көрсетті.
Тергеу қызметкерлері «Закон и правосудие» газетінің журналисі Оралғайша Омаршанованың ұрлануын немесе өлтірілуін оның кәсіби қызметімен байланыстырды. Өйткені ол 2007 жылдан бастап әртүрлі қылмыстық оқиғаларды белсенді түрде жариялап, өзінің журналистік зерттеулерін жүргізген болатын.
Бұқаралық ақпарат құралдары Оралғайшаның Қарағанды, Жезқазған, Алматы және Астана қалаларында жұмыс істегенін жазды. Сол жылы журналисті Бақытгүл Шоқпытова Жезқазғанға шақырған. Өйткені оның күйеуі әрі криминалды авторитет саналатын Сағит Шоқпытов бір жыл бұрын осы қалада өлтірілген еді.
Сол тұста Алматы облысына қарасты Қазатком ауылында жергілікті тұрғындар арасында қанды қақтығыстар жиі болған екен. Тіпті кейбір жергілікті тұрғындар аталған ауылдан көшуге мәжбүр болған. Осындай күрделі кезеңде Омаршанова Алматы облысына да, Казатком ауылына да жұмыс сапарымен барған болып шықты.
Куәгерлер журналисті соңғы рет 2007 жылдың 30 наурызында Алматы қаласында белгісіз қара көлікке мінгенін көргенін айтады. Міне, осыдан кейін полиция қызметкерлері Оралғайша Омаршанованың жоғалып кетуіне қатысты іс қозғайды. Бір жарым жыл бойы оны іздестіру бойынша ешқандай жаңалық болған жоқ, тек 2008 жылдың соңында ғана журналисті ұрлауы мүмкін деген күдікті пайда болды.
Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, бұл іске тергеушілер тек бір күдіктіні тапқан. Ол бұрын есірткі сатқаны үшін сотталған қылмыскер болып шықты. Тергеу Оралғайшаның жоғалып кетуіне оның кәсіби қызметі емес, Ботабаевпен жеке қарым-қатынасы себеп болған деген болжамды алға тартты. Тіпті жоғалған әйелді аталған адаммен бірге Алматы облысының Қарасай ауданында көрдік деген де пікірлер айтылса да, бұған ұйымдасқан қылмыстық топ жетекшісі мен журналистің қатынасы барын дәлелдей алмады. 14 жылдан ғана кейін мұны дәлелдеп, жоғалған журналистің денесін табылды.
Бұл іске 1996 жылдан бері «вор в законе» деген атағымен көпшілікке танылған «Серік Голова», яғни Серік Жаманевтың қатысты болып шықты. 2020 жылдың ақпан айында ҰҚК мен ІІМ бірлескен тобының жедел қызметкерлері 2019 жылы ғана бостандыққа шыққан «Серік Голова» тобының бірлескен қылмыстық әрекетін тоқтатты.
Сондай-ақ олар ұйымдасқан қылмыстық топтың тағы бірнеше белсенді мүшесін ұстады. Аталған топ кісі өлтіру, бопсалау және жол бойында шабуыл жасау немесе құрбандарын ұрып-соғумен айналысқан.
Өзара қақтығыс әсерінен екінші бір қылмыстық топтың жетекшісі Мұхамедшәріп Сағатовты өлтіргеннен кейін қарақшылар ізін жасырады. Өлімші етіп сабаған қылмыстық істің соңы ұлтаралық қақтығыстың туындауына әсер етуі мүмкін еді. Алайда ҰҚК қызметкерлері оны дер кезінде ауыздықтай алды.
Серік Жаманаев пен оның алты сыбайласы Алматы мен Алматы облысында арнайы операция кезінде қолға түсті. Олардан қару-жарақ арсеналы, нақтырақ айтсақ, 2 «АКСУ» автоматы, 2 «ПМ», 1 «Стечкин», 1 «Берет», 1 СКС карабині, 1 аңшылық мылтығы, 2 «РГД-5» тәркіленді. Осы заттай айғақ ұйымдасқан қылмыстық топтың барлық мүшелерінің жетекшілерімен бірге ұзақ мерзімге бас бостандығынан айырылуы үшін жеткілікті болып шықты. Өткен жылдың басында сот «Серік Голованы» 19 жылға, ал қылмыстық топтың басқа да мүшелері 7 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырды.
Бірақ құзырлы органдар Серік Жаманаевты колонияға жіберуге асықпай отыр. Себебі айыпкердің басқа да қылмыстарға қатысы бар екенін анықтау үшін оны Алматыдағы тергеу изоляторына отырғызып қойған.
Бірнеше айдан кейін ҰҚК жүргізген жедел іс-шаралардың нәтижесінде Жаманаев өзінің қарсыласы Ботабаев пен «Закон и правосудие» газетінің журналисті Оралғайша Омаршанова өлтіргенін мойындады. Оралғайша Омаршанова биыл 56 жасқа толар еді, ал 2007 жылы қызы мектепте оқитын.
2021 жылдың шілдесінде Серік Голова журналист пен қарсыласын нақты қай жерде өлтіргенін көрсетті. Мәйіттердің қалдықтары шығарылып, марқұмның сүйектеріне қажетті сараптамалар, соның ішінде геномдық сараптамалар жүргізілді. Олар 2007 жылғы куәгерлер айтқандай, Алматы облысының Жамбыл ауданы, Қарғалы ауылы маңындағы тау етегінен табылған.
Дереккөздердің хабарлауынша, «Серік Голованың» әйелі мен адвокаты оның кінәсін мойындауға көндірген соң, тергеу жұмысына көмек көрсетуге ниетті болған. Негізі Жаманаев сырқатына да байланысты күнәларын жуып-шайғысы келетін сияқты. Оған «бауырдың қатерлі ісігінің соңғы сатысы» деген диагноз қойылды. Осылайша ол көзі тірісінде жанын жеңілдетіп, істеген ісіне өкінуді ұйғарса керек. Оның қылмысын мойындауына дінтанушылар мен имам да көмектескен.
Қазір Ботбаевтың «Леха Маймыш» деген лақап атымен танылған Айтқали Маймушевпен жақын қарым-қатынасы анықталып жатыр. Сондай-ақ қазіргі таңда арнайы қызмет өкілдері «Леха Маймыштың» Арман Жұмагелдиевпен қатысын анықтауда. Тергеушілер Ботбаевтың ұрлануының мән-жайын анықтап, «Серік Голованың» басқа сыбайластарын іздестіруде.