Диетологтар аш қарынға зиян тағамдарды атады

0
3447

Диетологтар аш қарынға зиян тағамдарды атады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Ресей ғалымдарының зерттеуіне сілтеме жасап.

Әдетте таңертең су ішу пайдалы деп саналады. Алайда сарапшылардың пікірінше, ол қатерлі ісікке әкелуі мүмкін. Бұл температураға байланысты. Мәселен, асқазан немесе жүрек-қан тамырлары жүйесі аурулары бар адамдарға аш қарынға салқын су ішуге болмайды. Температурасы 65 градустан жоғары су, егер үнемі ішіп отырса, көздің шырышты қабығын зақымдайды.  Ал сытық су уақыт өте келе қатерлі ісікке айналуы мүмкін жасушалардың пайда болуына себеп болады.

Кофе, ғалымдардың пікірінше, асқазанда қышқылдың көбеюін ынталандырады, асқазанның қабығын тітіркендіреді. Салдарынан адамның жүрегі айниды. Тітіркенген ішек синдромы бар адамдарда кофе оның белгілерін күшейтуі мүмкін –  іштің құрысуы, кебуі, ас қорытудағы ауытқулар және т.б.

Ғалымдар ағза еттің қорытылуына көп энергия жұмсайтынын атап өтті. Аш қарынға нан-тоқаш және ұн өнімдерін де жеуге ұсынылмайды. Диетологтар бұл тағамдарды «семіздікке тікелей жол» деп атайды. Сондай-ақ, бұл қандағы қанттың артуына және инсулиннің шығарылуына әкелуі мүмкін.

Аш қарынға шырындар ішпеу керек – бұл ұйқы безіне қатты әсер етуі ықтимал. Сонымен қатар ашыққан организм бұл сусынды тамақ ретінде қабылдап, инсулиннің едәуір мөлшерін шығара бастайды.

Қышқыл жемістер мен жидектерде аш қарынға зиянды көптеген қышқылдар бар. Егер олар аш қарынға енсе, жүрек айнуыны және аллергия, ойық жара немесе гастритке әкелуі мүмкін. Диетологтар көкөністердің жекелеген түрлерін қарастырған жоқ. Себебі олардың кез келген түрін аш қарынға жеу зиян.

Аш қарынға ашытылған сүт өнімдері зиян да, пайда да әкелмейді. Ұйықтап тұрғаннан кейін таңертең адам асқазанында тұз қышқылының жоғары концентрациясы болады, ал қышқыл орта ашыған сүт өнімдерінде кездесетін барлық пайдалы лактобифидобактерияларды өлтіреді.

1$, 5$, 10$ ... Тәуелсіз KzNews жобасына қолдау көрсету