Home Жаңалықтар Диего Марадонаның соңғы сөзі

Диего Марадонаның соңғы сөзі

0
122

Бұрынғы футболшы әрі Аргентина құрамасының жаттықтырушысы Диего Марадонаның ақтық сапарға аттанар алдында не айтқаны белгілі болды. Жергілікті басылымдардың бірінің хабарлауынша, ол сол сәтте не сезініп жатқанын айтқан, деп хабарлайды KzNews ақпарат агенттігі.

Марадоннаның жанында жиені, психолог Джонни Эспосито болған.

«Өзімді жайсыз сезініп тұрмын», – деп таңғы астан кейін өзінің бөлмесіне кеткен.

Жедел жәрдем келген кезде Марадоннан тыныс ала алмай жатқан. Ақ халаттылар оның өмірін құтқарып қала алмады. Артынша оның өткір жүрек жетіспеушілігінен көз жұмғаны белгілі болды. Сондай-ақ, өкпесі қатты қабынған.

Естеріңізге сала кетсек, аты аңызға айналған футболшы 25 қараша күні өзінің Буэнос-Айрестегі үйінде көз жұмды.