Дидар Хамза Түркістан облысының үздік спортшысы атанды

0

2018 жылғы 28 желтоқсан 19:46 191

Дидар Хамза Түркістан облысының үздік спортшысы атанды

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат — Бүгін Түркістан қаласында ағымдағы жылды қортындыларына арналған жиын өтті. Жиында Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев жұртшылықты Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, бір жыл бойы еңбегімен дараланған әр түрлі сала қызметкерлерін марапаттады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Салтанатты іс-шарада жылдың үздік 15 мекемесі мен кәсіпорнына марапат тапсырылды. Сондай-ақ, «Саланың үздік мемлекеттік қызметші» аталымы бойынша 7 адамға құрмет көрсетілді. Аймақ басшысы жеңімпаздарға жылы лебізін жеткізді.
Дидар Хамза Түркістан облысының үздік спортшысы атанды

«ХХІ ғасырдың белсенді азаматтары бәсекеге қабілетті болуы тиіс. Қазіргі кезеңде елге қызмет етіп отырған азаматтар шығармашылыққа бейім, еркін ойлы, креативті әрі зиялы болғаны жөн. Аталған ізгі қасиеттер барлық сала қызметкерлерінің бойынан табылуы қажет. Бұл — бүгінгі заманның талабы. Бүгін талай сындардан сүрінбей өткен нағыз дүлдүлдер ортамызға келіп отыр. Осынау жетістіктеріңізбен шын жүректен құттықтаймын! Алдағы уақытта да мемлекет пен қоғам мүддесі жолында талмай еңбек етіп, белсенді азаматтық ұстаныммен ортақ мақсатты жүзеге асыруға үлес қосатындықтарыңызға сенімдімін. Түркістанға қызмет ету — абыройлы міндет. Бүгінгі марапаттарыңыз Сіздерге шабыт беріп, жаңа шыңдарға жетелейді деп ойлаймын», — деді Жансейіт Түймебаев.
Дидар Хамза Түркістан облысының үздік спортшысы атанды

Айта кетейік, марапатталғандардың арасында «Green Technology Industries» ЖШС, «Ырыс» микроқаржы ұйымы, облыстық клиникалық ауруханасы және өзге де мекемелер бар. Сонымен бірге, кәсіпкерлік, туризм, экономика, қаржы, руханият және мәдениет, денсаулық сақтау, спорт, құрылыс, білім, ауыл шаруашылығы, мұрағат, тұрғын үй — коммуналдық шаруашылық, энергетика және өзге де салалар бойынша 40 адам марапатталды.
Дидар Хамза Түркістан облысының үздік спортшысы атанды

Жылдың үздік спортшысы атағына Дидар Хамза ие болса, Әдіхан Полатбеков жылдың үздік құрылысшысы деп танылған. Жыл агрономы болып Болатбек Құметов танылса (Шардара ауданы), Мұқағали Кенжетайұлы жыл ақыны атанды. Жылдың ең үздік қызметкерлері марапатталған жиында әнші-бишілер өнер көрсетіп, концерттік бағдарламасын ұсынды.

Дидар Хамза Түркістан облысының үздік спортшысы атанды    

Дереккөз: https://www.inform.kz/kz