Деревянченко Головкиннен көп соққы жасады : жекпе-жек көрсеткіші
Қысқа сілтеме алу
Қос боксшы арасындағы кездесу 12 раудқа созылды. Жекпе-жектен кейін Головкин мен Деревянченко ауруханаға жеткізілді
НҰР-СҰЛТАН, 6 қазан – Sputnik. Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) мен украиналық Сергей Деревянченко (13-2, 10 КО) арасындағы жекпе-жектегі соққылар статистикасы шықты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Қос боксшы арасындағы кездесу Нью-Йорк қаласындағы Madison Square Garden аренасында өтті. Жекпе-жек 12 раундқа созылды. Төрешілердің шешімімен Геннадий Головкин жеңіске жетті.
Тағы оқыңыз: Зал шулап кетті: Головкин жекпе-жектен кейін мәлімдеме жасады
Алайда CompuBox статистикасына сәйкес, Сергей Деревянченко қарсыласына қарсы 738 соққы жасапты. Головкиннің көрсеткіші – 720. Бірақ қазақстандық боксшы 243 соққысын ( 50-і денеге тиген) қарсыласына дөп тигізген. Деревянченконың көрсеткіші – 230 (оның 22 соққысы денеге тиген). Ал соққылардың проценттік көрсеткіші бойынша Головкин украиналық боксшыдан 3%-ке ғана жоғары.
Жекпе-жекте төрешілер жеңісті бірауыздан қазақстандық боксшыға берді. Кездесу 115-112, 115-112, 114-113 есебімен аяқталып, Геннадий Головкин IBF және IBO тұжырымдамасы бойынша әлем чемпионы атанды.
sputniknews.kz