Деревянченко Головкинмен жекпе-жектің күнін жариялап, артынша «айнып» қалды

0

Спорт

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Украина боксшысы Геннадий Головкинмен 5 қазанда жекпе-жек өткізетінін хабарлады

НҰР-СҰЛТАН, 16 тамыз – Sputnik. Украиналық боксшы Сергей Деревянченко осы жылдың күзінде қазақстандық Геннадий Головкинмен жекпе-жек өткізетінін жариялап, артынша бұл туралы әлеуметтік желідегі жазбасын өшіріп тастады.  

скриншот из Instagram-аккаунта Сергея Деревянченко

Сергей Деревянченконың Инстаграмдағы аккаунтында жарияланған мәліметтің скриншоты

IBF тұжырымы бойынша бос тұрған әлем чемпионы титулы үшін жекпе-жек Нью-Йорктегі «Мэдисон Сквер Гарден» аренасында 5 қазанда өтуі мүмкін.  

Дегенмен қазір боксшының Twitter және Instagram парақшаларында алдағы жекпе-жек туралы ақпарат жоқ.  

Украиналық кәсіпқой бокста 14 рет жеңіске жетіп, бір рет Головкиннің бұрынғы қарсыласы – америкалық Дэниел Джейкобстан жеңілген.

Ермахан Ибрайымов: Головкин енді еш уақытта Альвареспен кездеспеу керек

 Бұған дейін IBF бокс ұйымы Сергей Деревянченкомен келіссөз жүргізу уақытын өткізіп алғаны үшін Сауль Альваресті әлем чемпионы титулынан айырған. Альварес былтыр қыркүйекте Головкинді жеңіп, IBF белбеуіне ие болған еді.

 Мексикалық боксшы Геннадий Головкинмен үшінші рет кездесуден бас тартып, келесі жекпе-жегін 3 қарашада Лас-Вегаста өткізбекші. Альварестің қарсыласы кейін анықталады.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз