Деревянченко: боксшы күтпеген мәлімдеме жасады

Қысқа сілтеме алу
Украиналық боксшы Головкиннің жекпе-жекке қатысты айтқанын жоққа шығарды
НҰР-СҰЛТАН, 26 тамыз – Sputnik. Орта салмақтағы IBF тұжырымдамасы бойынша әлем чемпионы титулына үміткер Сергей Деревянченко жекпе-жекке дайындық барысымен бөлісті.
Геннадий Головкин украиналық боксшыдан біраз қорқатынын айтқан болатын. Сергей Деревянченко осыған қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sports.kz.
«Мен жекпе-жекке дайынмын. Ертең Калифорнияға барып, жаттығуды бастаймын. Головкин менен қорқатынын айтты. Меніңше, ол өтірік айтады. Ол менен қорықпайды. Мен де одан қорықпаймын. 5 қазан күні рингке шығуға әзірмін. Мен Дэниэл Джейкобспен кездесу кезінде мол тәжірибе жинақтадым», — деді боксшы AB Boxing News-ке берген сұқбатында.
Тағы оқыңыз: Бокстан Қазақстан чемпионы адам өлтірді деген күдікпен ұсталды
Геннадий Головкин — Сергей Деревянченко кездесуі 5 қазан күні Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өтеді. Жекпе-жек DAZN стримингтік сервисі арқылы трансляцияланады.
sputniknews.kz