Депутаттарға қалай дауыс беруге болады: ОСК жауап берді
Орталық сайлау комиссиясы 2021 жылы 10 қаңтарда өтетін ҚР Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауына кімдер қатыса алатынын айтты. ОСК-да сайлауға тек кәмелет жасқа толған азаматтар қатысатынын мәлімдеді.
«Егер Сіз дауыс беру күніне 18 жасқа толған және белсенді сайлау құқығына ие Қазақстан Республикасының азаматы болсаңыз, Сіз Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттарының депутаттарын сайлауға құқығыңыз бар»,- деді ведомство баспасөз қызметінде.
Конституциялық құқықтың іске асырылуына азаматтың сайлаушылар тізімінде болуы кепіл бола алады. Сайлаушылар тізімін жергілікті атқарушы органдар жасайды. «Сіздің нақты сайлау учаскесінің аумағындағы тұрғылықты жеріңіз бойынша тіркелуіңіз Сізді сайлаушылар тізіміне енгізу үшін негіз болып табылады. Сайлау учаскелерінің шекаралары жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында 2020 жылғы 5 қарашадан кешіктірілмей жарияланады», — деді ОСК-да.
Орталық сайлау комиссиясы Әрбір сайлаушы сайлау тағайындалған сәттен бастап тиісті жергілікті атқарушы органда сайлаушы ретінде тіркелуге құқылы. Кез келген азамат 2020 жылғы 10 желтоқсанға дейін сайлау күні тіркелген жері бойынша дауыс беруге арналған үй-жайға келу мүмкіндігі болмайтыны белгілі болған жағдайда, баратын жердегі әкімдікке сайлаушылардың тиісті тізіміне енгізу туралы жазбаша өтінішпен жүгіне алады.
Сондай-ақ, сайлаушы тұрақты тіркелген жерден тыс елді мекенде болса және тұрғылықты жері бойынша уақытша тіркелсе, 2020 жылғы 10 желтоқсаннан кешіктірмей, сайлау күні дауыс беретін сайлау учаскесінің сайлаушылар тізіміне енгізу туралы жазбаша өтінішпен уақытша болатын жердегі әкімдікке жүгінуге құқылы.
Сайлау учаскелердегі сайлаушылар тізімінен деректерді тексеру мүмкіндігі 2020 жылы 26 желтоқсаннан бастап беріледі.