Депутаттар Ұлттық банк басшысынан карта төлемдерінің комиссиясын азайтуды сұрады — Қазақстан жаңалықтары

0

Карта арқылы төлем жасау көлемінің жыл сайын өсуіне қарамастан банктер карточкалар бойынша төлем жүргізу үшін комиссия ақысын азайтпай отыр. Мәжіліс депутаттары Ұлттық Банк басшысынан бұл мәселені шешуді сұрады.

Депутаттар Ұлттық банк басшысынан карта төлемдерінің комиссиясын азайтуды сұрады

«2018 жылы төлем карточкаларын пайдалану арқылы 6,4 трлн теңге сомаға 524 млн. транзакция жасалды. Бұл былтырғыдан 2 есе артық. Интернет-мобильді банкинг арқылы 3,1 триллион теңгеге 190 млн операция жасалды. POS-терминалдар арқылы жасалған төлемдердің саны ұлғайғанына қарамастан сауда ұйымдарынан банкт тарифтері бір деңгейде қалып отыр. Орташа есеппен алғанда карта арқылы орындалған төлемнің 0,5-тен 2,5 пайызын құрайды», — деді депутат Дания Еспаева.

Депутат сауданың әртүрлі сегменттері бойынша комиссия мөлшерінің біркелкі еместігін атап өтті.

«Қызметтің жоғары құны — қолма-қол емес төлемдерді дамытуға кедергі келтіретін негізгі факторлардың бірі. 2,5 пайыздық банк комиссиясы кәсіпкерлер үшін үнемді емес. Бұл көбінесе POS-терминалдарды пайдаланудан бас тартудың бірден-бір себебі», — деді депутат.

Оның айтуынша, дүкендердегі тауарлардың бағасы комиссияны ескереді, яғни ақы тұтынушы қалтасынан алынады дегенді білдіреді.

«Комиссияны қысқарту мүмкіндіктері бар болса, бұл сауда нүктелерінің шығындарын төмендетуге әсер етеді және сайып келгенде бағаны құруға көмектеседі. Картамен тауарларды төлеу үшін комиссияны азайтуды және Ұлттық Банктің банктік карточкалар арқылы төлем жүргізу жөніндегі комиссия ақысын реттеуді қарастыру керек деп ойлаймыз», — деді депутат.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

stan.kz