«Депутаттар қарсы»: Ақан Сатаевтың «Рэкетир-3» фильмі прокаттан алынды

0

Қазақстандық режиссер Ақан Сатаевтың «Рэкетир: новые времена» фильмі Қырғызстанда прокаттан алынды. Бұл туралы ақпарат «Синематика» кинотеатрлар желісінің Instagram парақшасында жарияланды. Кинотеатр әкімшілігі көрермендерге билеттердің ақшасын қайтаруды ұйымдастыратынын хабарлады.

Фильмнің көрсетілмеуіне «Кыргыз тасмасы» мемлекеттік концерні прокат куәлігін қайтарып алуы себеп болған. Депутат Бактыбек Марипов Қырғызстанда бандиттік идеологияны насихаттайтын фильмдерді көрсетуге тыйым салуды ұсынған еді.

Соған қарамастан, «Рэкетир: Новые времена» Қазақстанда прокатқа шыққан алғашқы төрт күнде 600 миллион теңге жинап, рекорд орнатты. Фильм – 2007 және 2015 жылдары шыққан «Рэкетир» киносының жалғасы.

Ал фильмнің Instagram-дағы ресми парақшасында «Рэкетир: Новые времена» фильмі Қазақстанда прокатқа шыққан алғашқы төрт күнде 600 миллион теңгедей жинап, қазақстандық кино саласында рекорд орнатқаны айтылған. Сондай-ақ фильмнің желідегі парақшасында фильмнің алдын ала көрсетілімі оған түскен актерлердің қатысуымен Мәскеу, Ташкент және Бішеке қалаларында өткені айтылған.

Айта кетейік, «Рэкетир: Новые времена» фильмі – Ақан Сатаевтың әйгілі «Рэкетир» фильмінің жалғасы. Криминалдық драманың бірінші, екінші бөлімдері 2007 және 2015 жылдары шықты.

Фото: instagram.com/racketeer.3