Депутаттар ана капиталын енгізіп, туған әр балаға 4 млн. беруді ұсынды

0

Депутаттар арасында ана капиталын енгізіп, әр бала үшін 4 млн-нан аса қаржы беру ұсынылды.

Айжан Скакованың келтірген ресми дерегіне сүйенсек, елімізде бала күтіміне берілетін жәрдемақы 17 мың теңгеден сәл аз (16 800 тг). Ал бір қылмыскерді түрмеде ұстау бұл сомадан бес есе жоғары, яғни 88 мың теңге.

Алайда КТК телеарнасына  пікір білдірген мамандар Ресей мен Қазақстанды экономикалық жағдайы бойынша салыстыруға келмейтінін айтады. Мамандар өткен жылы елімізде 400 мыңнан аса бала дүниеге келгенін айтып, аталмыш соманы әр балаға беретін болса, елде инфляция орын алатынын алға тартты.

Еңбек министрлігі депутаттардың ұсынысына жауап беріп, бюджеттің бекітіліп қойғанын негізге алып, елімізде  ана капиталын енгізу қарастырылмайтынын айтты.

«Елімізде ана капиталын енгізу қабылданған жоқ. Бұл мәселе Мәжіліс депутаттары жақында ғана айтқан депутаттық мәселе аясында ғана туындап отыр. Біздің Қазақстанда қалыптасқан өз жүйеміз бар», — деп атап