Депутат ресейліктерге қазақ тілі мен тарихты оқытуды ұсынды

0

Мәжіліс депутаты Берік Дүйсенбинов Қазақстанға келген ресейліктерді бейімдеу орталығын ашып, қазақ тілі мен тарихын оқытуды ұсынды.

– Қазақстан қай заманда да қысым көріп, өз елінен қашып, босқын болуға мәжбүр болған талай халықты өз басындағы қиыншылыққа қарамастан құшақ жая қарсы алып, аман алып қалғанына куә. Қазақстан өркениетті ел ретінде Ресей шекарасынан елімізге бас сауғалап, соғыстан қашқан ресейліктерге пана қылды…

Өткен аптада көшіп келушілердің басым бөлігі Астана мен Алматыға, шекарадағы облыс орталықтарына орналасып жатыр. Онсыз да ішкі миграция салдарынан тұрғындардың саны күрт өскен үлкен қалаларымызға инфрақұрылымдық және әлеуметтік-экономикалық қысым артуда. Негізінен әскер жасындағы Ресей азаматтарының елімізге жаппай қоныс аударуы бүгінгі посткеңестік геосаяси жағдайда қатты алаңдатып отыр, – деді ол Мәжіліс отырысында.

Оның пікірінше, ресейліктер Қазақстан Конституциясы мен заңдарына қалтқысыз бағынуға, қазақ тілі мен салт-дәстүрін құрметтеуге міндетті.