Депутат Қытайдан алынатын қарыздың пайдасын түсіндіре алмаған қаржы министрлігіне шүйлікті — Қазақстан жаңалықтары
Қазақстан Республикасы парламенті сенатының қаржы және бюджет жөніндегі комитеті Қазақстан мен Қытай үкіметтері арасындағы кедендік баждарды қайта құру үшін 20 жыл мерзімге 2 млрд. жеңілдік несиесін ($ 1 үшін 379 теңге мөлшерінде шамамен 300 млн. АҚШ доллары) беру туралы негіздемелік келісімді ратификациялауды мақұлдады.
Фото: total.kz
«Біз транзиттік тұрғыда өте тиімді әдісті алдық. Олар барлық жөнелтімдерді бақылайды. Мысалы, Қытайдан Еуропаға 6 айда, теміржолмен 30-35 күнге дейін, автокөлікпен 10-15 күн ішінде тасымалдайды. Тауарларды жылдам жеткізудің үлкен әлеуеті бар», — деп түсіндірді Қаржы министрлігінің өкілі.
Кедендік бақылау комитетінің қашықтықтан қадағалау бөлімінің басшысы Қайрат Маубаев Қазақстанға жеңілдетілген несие беруде Қытайдың негізгі артықшылығы — қытай тауарларын Еуропаға тасымалдауды жеделдету екенін түсіндірді. Қытай тарапынан бөлінген қаражатқа Қытай мен Өзбекстан шекарасында сегіз автомобиль және бір теміржол кедендік бақылау пунктін салу жоспарланып отыр.
Сенат депутаты Әли Бектаев 20 жылға Қытайдан алатын қарыздың елге қандай пайдасы болатынын сұрады.
«Бұл ақша есебінен инфрақұрылым дамиды. Батыс Еуропа-Батыс Қытай тас жолының қызметтік сапасы артады. Кедендік төлемдер мен салықтардан 300 млрд теңге түседі деп болжаймыз», — деді министрлік өкілдері.
Бұған депутаттың көңілі толған жоқ.
«Сіздер мемлекеттік қарыз алып отырсыздар. Жайдан жай алынып отырған ақша емес. Оған нақты есеп болуы керек. МЫнадай сома аламыз, мынанша қайтарамыз, одан мынадай сомада пайда түседі деген есеп болуы керек емес пе?», — деді Бектаев.
Қаржы министрлігі оған нақты есеп құрылмағанын атап өтті.
Қаржы министрлігі осындай несие екі тарап үшін де пайдалы деп сендірді. Егер Қытай өз тауарларын Еуропаға жылдам жеткізе алса, онда Қазақстан транзит пен көлік қызметтерін және инфрақұрылымды ұлғайту арқылы салықтық аударымдарды жылына 300 млрд. теңгеге (шамамен 800 млн. АҚШ доллары) толтырады.
Келісімге сәйкес, Қазақстан келісім-шарт бойынша, қытай тарапынан, оның ішінде бағдарламалық қамтамасыз етуді және сервистік қызметті қоса алғанда, автомобильді өткізу пункттерінде көліктің өту жылдамдығы бес есеге артады.
Сенаттың қаржы және бюджет жөніндегі комитеті ратификациялағаннан кейін құжат палатаның жалпы отырысына жіберіледі. Бұған дейін құжат мәжілістің отырысында мақұлданды.
stan.kz