Депутат: Пәтерді тәулікке жалға беруге заңмен тыйым салу керек — Қазақстан жаңалықтары
Бүгін Нұр-Сұлтанда өткен мәжіліс отырысында депутаттар көпқабатты пәтерлерге, олардың қазіргі жағдайына қатысты мәселені қозғады, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі.
«Біз шетелге барғанда тазалығын көріп таңғалып жатамыз. Барлық жерде перделер ілінген, подьъезд таза, барлық үйде тазалық сақталған деп жатамыз. Бізде де сондай жасауға болады емес пе?! Әр пәтер қаржы төлейді ғой. Соны дұрыс басқара білу керек. Бұл не сұмдық?! 24-30 көпқабатты үйлерді пәтер иелерінің кооперативіне беріп қойдыңдар. Ал олар өз қалауынша ойына келгенді істейді. Бізде халық пәтер сатып алып, оған жақсылап жөндеу жұмыстарын жасап алады. Ал подъезден өту мүмкін емес. Олар да сондайға үйреніп кетті», — деп сөкті Нығматуллин.
Осылай деп сөккен төраға коммуникациялық қызметтерді қолданатын подъездің қарапайым тұрғындарына не керек екенін түсініп, жағдайды жақсартуды тапсырды.
«Тәулікке жалға берілетін пәтерлерге заң бойынша тыйым салу керек. Себебі, пәтерлер адамгершілікке жат қылық көрсететін жер ретінде емес, адамдар тұратын баспана ретінде қолданылуы керек. Ресейде бұл мәселені қазан айынан бастап шешуде. Сіздердің пікірлеріңізді білгім келеді», — дейді депутат Владислав Косарев.
Сондай-ақ, мәжіліс отырысында лифт орнату қызметтері мен пәтер құрылысы туралы мәселе қозғалды.
«Үйлердің құрылысы мен лифттерді монтаждауға келетін болсақ, мұнда ережелердің өзгермегенін айтқым келеді. Тек тиісті лицензиясы бар мамандандырылған ұйым ғана лифт құралдарын монтаждай алады. Бірақ, өкінішке орай, 2014 жылы аталған механизмдер бойынша қызмет көрсету нормасы түсіп кетті. Қазір жағдай мынадай: бұған дейін қандай да бір тауар сатумен айналысқан кез келген компания кейін бағыттарын өзгертіп, бүгінде ешқандай лицензия алмастан лифт орнату қызметтерімен айналысуы мүмкін. Олар қызметкерлерге де ешқандай талаптар қоймайды. Сондықтан, лифттерді орнататын компания ғана емес, сондай-ақ онда жұмыс істейтін қызметкерлер де тиісті аттестациядан өтуі керек», — деді депутат Роман Алексеевич.
stan.kz