депутат министр Әбілқасымованы отставкаға жіберу туралы айтты
Депутат әрбір министр саясаткер ретінде өз сөзіне жауап беруі керектігін атап өтті
АСТАНА, 11 ақпан – Sputnik. Мәжіліс депутаты Азат Перуашев Астанада бес баланың өмірін қиған жойқын өрт пен оған кінәлілер туралы пікірін білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Депутат кінәлі адамды іздеу дұрыс екенін, мұндай дүниені бей-жай қалдыруға болмайтынын айтты.
«Астанадағы трагедиямен қатар Қызылордада үш бала, екі күннен кейін Павлодарда бүтіндей бір отбасы қаза болды, содан кейін Шымкенттегі қайғылы оқиға. Көптеген миллиардтаған бюджеті бар қызметтер болса да, өкінішке қарай, өрт қауіпсіздігі, адамдардың қауіпсіздігі мәселесі бізде екінші орынға сырғып кетіп жатыр», — деді Перуашев Sputnik Қазақстан тілшісіне.
Астанада бір отбасыны бес баласынан айырған өрт орнында түсірілген видео
Перуашев әрбір министр саясаткер ретінде өз сөзіне жауап беруі керектігін атап өтті.
«Әрбір шенеунік өз жұмысы үшін жауапкершіліктен бас тартпауы керек. Әбілқасымова (еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі – Sputnik Қазақстан) 16 мың теңге көп деді. Меніңше, бұл үлкен қателік. Бірақ, бұл қателіктің жуырдағы трагедияға тікелей қатысы жоқ…Ол үй бұл сөзден кейін жанып кеткен жоқ, біз осыны түсінуіміз керек», — деді мәжілісмен.
Десе де, депутат Әбілқасымова министр ретінде әлеуметтік салаға жауапты екенін, сондықтан халықты мазалаған проблемалард үкімет алдына қоюы керектігін қадап айтты.
«Ол үкіметте отырған ойыншық емес. Мен Әбілқасымова ханымды құрметтеймін, бірақ министр ретінде о әлеуметтік салаға жауапты. Сондықтан халықтың талабы орынды деп санаймын. Министрді отставкаға кетіру керек пе? Жұртшылық министрден қандай да бір әрекеті үшін жауапкершілікті талап етуге құқылы. Әрбір министр өз саласына жауап беруі тиіс», — деді Перуашев.
Ол еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпованың «ата-аналардың түнде жұмыс істеуі – олардың таңдауы» дегеніне қатысты да пікірін білдірді.
Бес баланың қазасы: үй иесі қанша жылға сотталуы мүмкін?
«Ата-ана шарасыздықтан барып отыр мұндай қадамға. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі неге көп балалы ата-аналарды түнде жұмыс істеуге жібереді?», — деп ашуланды депутат.
Оның айтуынша, мәжілістің жалпы отырысында «Ақ жол» фракциясы көп балалы отбасыларға төленетін әлеуметтік жәрдемақы, баспана мәселесін тағы да көтереді.
Перуашев өрт қауіпсіздігі мәселесі аймақтық емес, барлық өңірде кездесетін жүйелі проблема екенін атап өтті.
«Өртке қатысты айтар болсақ, бұл төтеншге жағдайлар комитетінің тікелей жауапкершілігі. Отставка туралы өз қозғасақ, ішкі істер министрлігінің төтенше жағдайлар комитетінің отставкасы туралы айтуымыз керек. Бұл олардың тікелей жұмысы», — деді депутат.
Естеріңізге сала кетейік, бір отбасындағы бес баланың өмірін жалмаған өрт Астанада Көктал-1 ауданында болды. Апалы-сіңлілі бес қыз түнде үйде жалғыз қалған, ата-анасы жұмыста болыпты. Өрт салдарынан 2006, 2009, 2014, 2016 және 2018 жылдары туған бес бала көз жұмды.
Өрттен қаза болған бес қызды жерлеуге мыңдаған адам келді — видео
sputniknews.kz