депутат мектепте неден бас тарту қажет екенін айтты

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

2 0 0

Депутат, сонымен қатар, он алты жасқа дейінгі балалар үшін онлайн ойын ойнау уақытын шектеуді ұсынды

НҰР-СҰЛТАН, 5 қаңтар – Sputnik. Мәжіліс депутаты Майра Айсина оқушыларға сабақ кезінде смартфон мен планшетті пайдалануға тыйым салуды ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Депутаттың айтуынша, смартфондар мен планшеттерге тәуелділік, онлайн ойындарға әуестік балалардың ойлау қабілетіне зиян келтіріп, бас сүйегі-ми жарақатынан кейінгі жағдайға ұқсас өзгеріске әкеп соғады.

Айсина әлем елдерінің тәжірибесін тілге тиек етті. Мәселен, Германия, Франция және басқа да көптеген елде, соның ішінде посткеңестік кеңістіктегі елдердің оқу мекемелерінде гаджет пайдалануға тыйым салынған.

«Бұл мәселе біздің мүдделі министрліктер мен ведомстволардан қазіргі жағдайға жан-жақты талдау жүргізуді, «Балалардың денсаулығына және дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау туралы» заңның тиімді жүзеге асырылуын талап етеді», — деп санайды ол.

Мәжілісмен үкімет интернетте балалардың қауіпсіздігін барынша қамтамасыз ету үшін және ақпаратты сүзгіден өткізу үшін қосымша жүйелі шаралар қабылдауы қажет екенін айтты.

Тағы оқыңыз: «Шалға дейін кезекте тұрады»: Бекболат Тілеухан мәжілісте маңызды мәселені қозғады

«Жұмыс және демалыс күндері 16 жасқа дейінгі балалар үшін онлайн ойын ойнау уақытын шектеу мүмкіндігін зерделеу керек. Жұмыс күндері интернет-кафелерде балаларға видео ойындар ойнауға, мектептерде сабақ кезінде смартфон мен планшеттерді пайдалануға тыйым салу керек», — деді депутат.



sputniknews.kz