Депутат Юрий Ильиннің ТЖМ министрі болуына қарсы шықты

0
5560

Маңғыстау облысынан сайланған Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин Юрий Ильиннің Төтенше жағдайлар министрі болуына қарсы шықты, деп хабарлайды kznews.kz сайты ulysmedia.kz порталына сілтеме жасап.

«Үлкен мемлекеттік лауазымда отырған сіз мемлекеттік тілді білесіз бе? Мен сізді бір жыл ішінде үшінші рет көріп тұрмын. Сіздің министрлік біздің комитетпен мүлдем жұмыс істеген жоқ. Сіздің жоспарыңызды, ойыңызды, консепцияңызды білмейміз. Не істеп жатқандарыңыздан біз бейхабармыз», — деді мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин.

Сонымен қатар, ол тағы бір мәселеге тоқталды.

«Екіншіден, өткен жылдың аяғында Ақтауда жарыс өтті. Егер Ресейде немесе басқа дамыған мемлекеттерде жарыс болатын болса – төтенше жағдайға жауап беретін министр бірден ұшып барып, мәселені өз қолына алып шешеді. Сіз барған жоқсыз. Үшінші мәселе, Маңғыстауда өткен митингі кезінде төтенше жағдай министрлігіне қатысты құрылымдар не халыққа, не үкіметке, не қоғамдық штатқа өз көмегін көрсеткен жоқ, сондықтан мен бұл кандидатураға мүлдем қарсымын», — деді ол.