Депутат Дәулет Тұрлыхановтың ұлы бас бостандығынан айырылды

0

Сот оған 2023 жылдың 11 ақпанында Алматыда заңгерлер Анна мен Олег Черновтардың отбасына жасалған шабуылдан кейін тағайындалған жазалау уақытының қалған мерзімін бас бостандығынан айырумен алмастырды.

21 қазанда Медеу аудандық сотында үкім шығарылған отырыс өтті. Онда пробациялық бақылау кезінде той мен караокеге барған депутаттың ұлының ісін қарады. Сот отырысы кезінде пробация өкілі Нұрасыл Болатты бас бостандығынан айыруды сұраған еді.