Депутат Дәулет Мұқаев той форматын өзгертуді ұсынды

0

Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев «Талқы» бағдарламасында той форматын өзгерту керегін айтып, ұсыныс жасады. 

«Дастарқанды қарайықшы, әйтеуір бәрі толу керек. Одан кейін 6 сағат отырамыз. Көп жағдайда дастарқан желінбей жатса, пакет таратылып, тамақты бәрі салып алып кетеді. Кейде ер азаматтар әйелдермен жанталасып салып жатады. Тамақ тұрғысынан да ысырапшылықты азайту керек.

Екіншіден, тойға 300-400 мың адам шақырылады, оның бәрін танымайсың ғой. Менің түсінігімде тек жақындар жиналу керек. Ал біз апа-атаның көңілі қалмасын, ұят болмасын деп, 200-300 адам жинап отырамыз. Пандемия кезінде сабақ алмадық. Адамдар тығылып, 80-100 адамға той жасады, сол сақталып қала ма деп едім. Жоқ, қайтадан бұрынғы той жарысқа өтіп кеттік», – деген ол.

фото: ardak.kz