Депутат Ардақ Назаров малшылардың зейнетке шығу жасын төмендетуді ұсынды

0

21 маусым күні өткен Мәжілістің жалпы отырысында ҚР премьер-министріне жолдаған сауалында депутат Ардақ Назаров малшыларға жағдай жасап, зейнетке шығу жасын төмендетуді ұсынды, деп хабарлайды kznews.kz сайты.

Депутат шаруа адамы мен малшының жұмысы ауыр екенін айта келе, малшының мәртебесін көтеру жөнінде бірнеше ұсыныс айтты. Ол әскери қызметкер сияқты 25 жыл тоқтаусыз мал баққан адамды зейнетке шығару керек деп санайды.

Оның пікірінше, бұған қоса, жылына бір рет малшыны жанұясымен бірге тегін медициналық қызметтерден өткізіп, шипажайға демалуға жолдама беру қажет. Сондай-ақ ол малшыларға жалақы төлеу мәселесін де көтерді.

«Бүгінгі таңда мал бағушылардың еңбегі жұмыс беруші тарапынан бағаланбай жатқанын ескерсек, оларға Еңбек бағдарламасы арқылы мемлекеттен белгілі бір пайызда жалақы төленсе», – деді ол.

Бұған қоса, депутат малшыларды ауыл мен аудан орталықтарында мемлекттік бағдарламамен салынып жатқан қол жетімді тұрғын үймен қамтамасыз етуді ұсынды.

Депуттаттық сауалда малшылының балаларына білім алуға жағдай жасау мәселесі де көтерілген. Мәселен, балабақшамен қамтамасыз ету.

«Мектеп жасындағы балаларына жақсы білім алуына жағдай жасап, арнайы интернаттар ашып оқыту қажет. Жоғарғы оқу орындарына түсуге арнайы гранттар бөлу және Ұлттық біріңғай тестерді тапсырған малшы балаларына арнайы жеңілдіктер жасалу қажет,»- деді Мәжіліс депутаты Ардақ Назаров

Ардақ Назаровжыл сайын әр өңірден білікті шаруалар мен малшыларды анықтап, Мемлекет басшысының қолынан «Еңбек Ері» атағын беруді ұсынды.

«Жоғарыдағы айтылған құрмет пен ескерулер, жағдайлар жасалса, малшының мәртебесі көтеріліп, біліктілігі артады, өз аралында шабыт алып, малдың басы көбейеді. Кейінгі буын арасынан ата кәсіпке бет бұрушылар мен қызығушылардың саны артады», — деп түйіндеді сөзін Мәжіліс депутаты.

Сәуір айының 15-3 күні ақтөбелік құтқарушылар далада мал іздеуге, адасып кеткен малшыларды құтқарды.