Депутат: «Арамызда бір орыс депутаты жоқ, неге орысша сөйлейміз?!»
Қырғызстанда билік өкілдері мемлекеттік тілді көтеру жұмыстарын жалғастыруда. Қаңтардың басында Қырғызстан бірқатар ресейлік телеарналарды жапқан болатын. Басты себеп мемлекеттік тілді құрметтемеулері еді.
Ендігі таңда Қырғызстан Жоғарғы Кенешінің депутаты Надира Нарматова тек қана қырғыз тілінде сөйлеуге шақырды. «Біз қырғыз мемлекетіміз. Біздің мемлекеттік тіліміз қырғыз тілі. Сондықтан біз қырғыз тілін құрметтеп, Жоғарғы Кенеш қабырғасында қырғыз тілінде сөйлеуге тиіспіз. Біздің 90 депутаттың арасында бірде бір орыс ұлтының өкілі жоқ қой», — деді Нарматова.
Оның бұл сөзі Ресей арналарында дау тудыруда.