Депутат аю екен деп адамды атып тастаған

0

Депутат Игорь Редькин аю екен деп 30 жастағы азаматты атып алған.

Ресейдің Камчатка заң шығару органының депутаты әрі миллиардер Игорь Редькин Озерновский ауылының маңында кешқұрым адамдарға қауіп төндіретін аю екен деп жергілікті азаматты атып тастаған. Ауыр жарақат алған тұрғын ауруханада қайтыс болған.

В России депутат стрелял в медведя, но смертельно ранил мужчину

Қайғылы оқиға осы жылдың 2 тамыз күні орын алған. Тергеу амалдары 6 тамыздан жүргізілуде. «Камчатка информ» жазуынша қайтыс болған адамның денесінен депутатқа тиесілі карабиннің оқтары алынған. И.Редькин Ресейдегі ең бай 20 мемлекеттік қызметкерлердің қатарына кіреді. Оған «Витязь-Авто» және «Витязь-Аэро»компаниялары тиесілі.