Депутат 76 миллион теңге пара алды деген күдікпен ұсталды

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Күдікті қамауға алынып, тергеу жүріп жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 3 мамыр – Sputnik. Алматы облысы Талғар аудандық мәслихатының депутаты 76 миллион теңге (200 мың доллар) көлемінде пара алды деген күдікпен ұсталды. Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің тергеу департаменті бастығының орынбасары Бауыржан Балғабеков айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Алматы облыстық департаменті Талғар аудандық мәслихатының депутаты және аудандық жер комиссиясы мүшесінің пара алғанын анықтады. Ол Талғар ауданы Панфилов ауылдық округіндегі аумағы 12 гектар жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерткені үшін азаматтан 200 мың АҚШ доллары (76 миллион теңге) көлемінде пара алды деген күдікке ілінді», — деді ол баспасөз мәслихатында. 

Сот шешімімен күдікті қамауға алынды, қазіргі кезде бұл іске қатысты тергеу жүріп жатыр.



sputniknews.kz