«Депрессия болды»: Балжан Бидаштың неге көңілі құлазып жүр? — Қазақстан жаңалықтары

0

«Кешью» тобынан бөлек кеткен Балжан Бидаштың көңілі құлазып жүр. Айтуынша, соңғы уақытта өзіне демалыс жариялапты. Ол жеке әнші болып өзін әлі күнге дейін көрсете алмай жүр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Ел аузында» бағдарламасына сілтеме жасап. 

Балжан
«Кез келген шығармашылық адамында болады. Негізі мұндай көңілімді ешуақытта сезініп көрген емеспін. Бірақ депрессия болды. Әлі де бар деп айтсам болады. Уақытша нәрсе, кетеді. Әр нәрсе адамның өз қолында. Бірақ әндерім өтпей жатыр деп қынжылмаймын. Бірнеше жылдан кейін де бағы жанып жатқан әншілер бар ғой. Біреу болса, екіншісі болмайды. Сондықтан сабыр ету керек», – дейді Балжан Бидаш. 

Продюсерсіз жұмыс істеуді қиын деп есептемейтін әнші алдағы уақытта өзін қолға алып, жұмысқа кірісетінін айтады. 

«Осы төрт-бес жылда біздің эстрада өте қатты өзгеріп кетті. Әндер де, әншілер де шығып жатыр. Сондықтан да продюсерсіз жұмыс істеу қиын емес. Үйде отырып та ән жазып, танымал болуға болады. Мықты әнші болсаң, продюсер жоқ деп жүре беруге болмайды. Жұмыс істеу керек», – дейді ол.

Айтуынша, қазіргі заманда тек талантың арқылы ғана таныла алады екенсің. Бұрынғыдай таныс-тамыр жойылған.

«Бірақ әрине оңай емес. Шынымды айтсам, қазір таныстың заманы емес. қазір өтімді ән, шынайы таланттың заманы. Бұрын танымал болуға тырысып, тырмаланатын едік. Қазір есейіп жатырмын ба білмеймін. Инстаграмда да белсенділігім төмендеді. Қазір демалыс үстіндеміз. Көктем келді, енді басталатын шығар жұмыс», – дейді Балжан Бидаш.
 

stan.kz