Денсаумин коронавирус пен пневмония жұққандар туралы жаңа деректерді жариялады
Қазақстанда өткен тәулікте 142 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды.
Аймақтар бойынша:
Нұр-Сұлтан қаласы — 20
Алматы қаласы — 10
Шымкент қаласы — 1
Ақмола облысы — 12
Ақтөбе облысы — 2
Алматы облысы — 5
Атырау облысы — 5
Шығыс Қазақстан облысы — 30
Жамбыл облысы — 3
Батыс Қазақстан облысы — 9
Қарағанды облысы — 10
Қостанай облысы — 7
Маңғыстау облысы — 3
Павлодар облысы — 14
Солтүстік Қазақстан облысы — 11
Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 110684.
Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 10 жағдайы және 1 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 17 адам емделіп шықты.
1 тамыздан барлығы: ауырғандар — 36931, 395 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 28548 жетті.