Денсаулық сақтау вице-министрі Шымкент қаласына жұмыс сапарымен келді
Ағымдағы жылдың 15 наурызында ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі О.Әбішев жұмыс сапарымен Шымкент қаласына келді.
Сапар аясында Олжас Әбішев «Шымкент – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің активімен кездесіп, «Сыбайлас жемқорлықтан ада өңірлер» жобасы алаңында тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою және денсаулық сақтау саласында қолайлы жағдай жасау бойынша жұмыс бағыттарын талқылады.
Сонымен қатар, Олжас Амангелдіұлы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің өкілдерімен, жобалық кеңсенің, Арнайы мониторингтік топ және БАҚ өкілдерімен бірлесіп № 3 қалалық емхананың жұмысымен танысты.
Айта кету керек, медициналық қызметкерлермен және халықпен көшпелі кездесулердің нәтижелері бұл азаматтарды «K-Vrachu.kz» және «Damumed» мобильді қосымшаны пайдалануға кеңінен тарту. Бұл қосымшалар өзін және отбасы мүшелерін дәрігердің қабылдауына жазу, дәрігерді үйге шақыру және медициналық құжаттарды қарау үшін, медициналық ұйымға бармай-ақ өз медициналық ұйымына жылдам қол жеткізу болып табылады.
«Шымкент – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Ерасыл Төлебаев азаматтармен сұхбат барысында сыбайлас жемқорлық деңгейін қысқарту, сыбайлас жемқорлықты жалпыға бірдей қабылдамау, азаматтардың мемлекеттік билік институттарына сенімін арттыру Жобаның негізгі міндеті екенін атап өтті.
Сонымен қатар, «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары» барлық емханаларда толығымен қамтамасыз етіліп, оған арнайы қызметкерлерді бекіту арқылы egov.kz, «Damumed» және «K-Vrachu.kz» мобильдік қосымшаларымен алу тәсілдерін азаматтарға түсіндірілуде» — деді, Департаменттің Мемлекеттік қызмет көрсету басқармасының басшысыМ. Әлиев.
Осылайша, қызметтерді жаппай цифрландыру тұрмыстық сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға мүмкіндік береді,сондай-ақ халық үшін қолайлы жағдай жасайды.