Денсаулық сақтау саласында қол жеткізілген келелі келісім

0

GE Healthcare цифрлы технологияларды қолданумен денсаулық саласындағы бірың­ғай ақпараттық жүйені әзірлеуге қатысты жобалар бойынша бір­лескен қызметтің негізгі ба­ғыт­­тарын белгілейді. Құжатқа сәй­кес тараптар әлеуметтік маңыз­ды ауруларды алдын ала анық­тау мен тиімді емдеу, диаг­нос­тиканың дәлдігін арт­ты­руға бағытталған  телерадио­логия, телеонкорадиология жә­не сүт бездері обыры бойын­ша скрининг жөніндегі теле­ме­­ди­циналық сараптау орталық­­тарын, сондай-ақ рес­­­пуб­­ли­калық клиникалық мұраға­тын ашу бойынша мүмкінд­ікт­ерге тал­дау жүргізуге уағдаласты.  

Сондай-ақ келісім  Денсаулық сақтау министрлігінің «Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу инсти­ту­ты» РМК базасында телеме­ди­циналық орталық ұйымдастыру үшін GE Healthcare цифрлы мүм­кіндіктерді қолдану арқы­лы қа­натқақты жобаны іске асыру­ды қолға алады.  Бұл облыстық онкодиспансерлердің дәрігер­леріне онкологиядағы күрделі жағдайлардың диагнос­тикасы кезінде мамандардың қашықтан қосымша кеңес алуына мүмкіндік береді. 

Және де, GE Healthcare өңірлік вендор-бейтарап мұрағаттарды қалыптастыру мен электронды құжат айналымын ұйымдастыру бойынша ақпараттық және кеңес беру арқылы қолдау көрсетеді деп жоспарлануда.  

Құжатта Денсаулық сақ­тау вице-министрі Олжас Әбі­шевпен және Орталық Еуропа, Шығыс Еуропа, Ресей және ТМД-ғы GE Healthcare Digital  вице-президенті Дитмар Сейфридс­бергер қол қойды. 

Меморандумға қол қоюды түсіндіре отырып, Орталық Еу­ропа, Шығыс Еуропа, Ресей және ТМД-ғы GE Healthcare Digital  вице-президенті Дит­мар Сейфридсбергер «Біз ден­сау­лық сақтау саласында Қазақ­стан Республикасымен тығыз ын­тымақтастықта болу мүмкін­дігіміздің бар болғанына қуаныштымыз және GE Health­care технологиялары цифрлы медицинаны дамы­ту бойынша өңірдің ағымдағы және страте­гиялық міндеттерін шешуге, сондай-ақ жал­пы мыңдаған пациенттер үшін сапалы меди­циналық көмекке қолжетімділікті арттыруға мүмкіндік беретініне сенімдіміз», деп атап өтті.

Өз кезегінде, Денсаулық сақтау вице-ми­нистрі О.Әбі­шев Меморандумға қол қою қоры­тындысы бойынша «Бүгін GE Healthcare цифрлы медицинаның жаһандық нары­ғындағы басты әріптестердің бірі. Әріптестік қатынастар  ха­лыққа қолжетімді болатын озық технологияларды енгізе оты­рып, Қазақстандағы цифрлы денсаулық сақтау саласын айтарлықтай дамытуға мүмкіндік береді», деп түйіндеді.

Рауан ҚАЙДАР,

«Егемен Қазақстан»

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз