Денсаулық сақтау министрлігі «СҚ-Фармация» компаниясына қарыз
Денсаулық сақтау министрлігі «СҚ-Фармация» компаниясына қарыз болып қалды. 2021 жылы Pfizer вакцинасы «СҚ-Фармация» қаражатына сатып алынды. Ізінше Денсаулық сақтау министрлігі 20,6 млрд теңгені қайтаруға міндеттеліп отыр.
Қаражат 2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасына енгізілген. Парламент Мәжілісінің отырысында бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният айтты.
«Былтыр Pfizer вакцинасын сатып алуға «СҚ-фармациядан» қаражат алдық. Күзде 100% төлеуге мәжбүр болған едік. Бүгінгі таңда «СК-Фармация» алдындағы қарызды өтеу қажет. Егер бұл қарыз дер кезінде, мамыр айында төленбесе, онда бірыңғай дистрибьютор дәрілік препараттар бойынша жеткізушілер алдындағы өзінің шарттық міндеттемелерін орындай алмайды», – деп түсіндірді Ғиният.
2021 жылы Қазақстан корнавирусқа қарсы іс-шараларға 100 млрд теңгеден астам қаржы жұмсаған.