Денсаулық сақтау министрлігі: «Қазақстанда коронавирустан өлім-жітім тіркелген жоқ» — Қазақстан жаңалықтары

0

Қазақстанда коронавирустан өлім-жітім жоқ. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшарип мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

коронавирус

«Елімізде коронавирусты жұқтырудың тағы бес жаңа оқиғасы тіркелді. Оның екеуі Қарағанды қаласында — 1972 және 1971 жылғы туған Қазақстан азаматтары. Екеуі де №0324 Минск-Қарағанды рейсімен ұшып келген болатын», — деді Диас Ахметшәріп.

Оның айтуынша, қалған үш адам Алматыда тіркелді. Біреуі 1979 жылғы әйел адам, Берлин қаласынан ұшып келген. Екінші азамат 1997 жылғы ер адам, Франциядан ұшып келген. Соңғысы 1982 жылғы әйел адам.

«Осы сағатта (20 наурыз, 08:30-да) Алматыда – 22 адам, Қарағанды қаласында — 2 адам, Нұр-Сұлтанда — 25 адам. Республика аумағында барлығы 49 науқас тіркеліп отыр. Олардың арасында қайтыс болғандар жоқ», — деді ресми өкіл.

Бұған дейін Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны тағы бес адамға артып, 49 науқасқа жеткені хабарланды.

stan.kz